Биыл Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу өткізіледі

Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізіледі

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік органның 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

«Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді. Қазіргі кезде еліміздің ең маңызды салаларында – денсаулық сақтау, энергетика, білім беру бағытында жұмыс істейтін резервшілердің саны өте аз. Бұл ретте, резервшілердің салалық топтарын қайта қарастырамыз. Үміткерлермен әңгімелесу міндетті түрде салалық орталық органның қатысуымен өткізу жоспарлануда», – деді МҚІА басшысы.

Сондай-ақ Агенттік Президенттік жастар кадр резервін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс жүргізіп келеді. Желтоқсан айында қабылданған Резервтен шығу тәртібін бекітетін Жарлыққа сәйкес өз еркімен, өзге елдің азаматтығын алған, Қазақстанның азаматтығын жоғалтқан, жұмыстан теріс себептер бойынша шыққан ПЖКР өкілдері резервтен шығарылады. Президенттік жастар кадр резервімен қатар биыл Агенттік өңірлерге талантты жастарды барынша тартуға ден қойып отыр.

«Өңірдегі жастарға әлеуметтік лифтті қамтамасыз ету үшін республиканың барлық аймақтарында өңірлік жастар кадр резервтерін құруды жоспарлап отырмыз», – деді Дархан Жазықбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз