Басқарушы және атқарушы лауазымдар саны реттеледі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде заң жобасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізді. Бұл туралы Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік органның 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында хабарлады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Біріншіден, Президент шешімімен саяси қызметшілерді «сенім жоғалтуына» байланысты жұмыстан шығару мүмкіндігі енгізіледі. Мұндай себеппен шығарылған қызметші мемлекеттік қызметке үш жыл бойы қайтып келе алмайтын болады.

Екіншіден, өзге өңірге ротацияланған қызметшіге үй жалдауға төлем енгізіледі. Бұл қызметшілерді өңірлерге ротациялануға ынталандырады.

Үшіншіден, мемлекеттік органдарға нақты бір жобаны атқару үшін уақытша шарт (контракт) бойынша жұмыскерді алуға мүмкіндік беріледі. Мұндай жұмыскерлер мемлекеттік лауазымдарды атқармайды және белгіленген уақытқа ғана алынатын болады. Бұл жаңашылдық Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасына сай енгізілуде.

Төртіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуы реттелетін болады. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Бесіншіден, мемлекеттік органдардағы басқарушы және атқарушы лауазымдар саны реттеледі. Қазіргі кезде, кейбір мемлекеттік органдарда бір не екі қызметшіден құрылған бөлімшелер бар. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік органдардың оңтайлы және тиімді құрылымын қалыптастыру.

Сайлау

y

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика