Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 21 қыркүйекте Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады , кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

21 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысында да оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында да 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады.

21 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 21, түнде 22 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.

Күндіз 21, 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT