БІРЛІГІМІЗ БАЯНДЫ БОЛСЫН ДЕСЕК...

Ұшқыннан өрт лаулады. Газ бағасының қымбатшылығын мәселе қылып көтерген Маңғыстау жұртшылығы шеруді өте мәдениетті түрде өткізді.

Олар ештеңені бүлдірмеді. Керісінше айналасын жинап, тазалыққа мұқият қарады. Талабы орындалғасын шерудің екпіні бәсеңсіді. Алайда, арты саясиланып, оның бағыты басқаға бұрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев талап қоюшы жандардың тілектерін орындады. Содан кейін бұл қозғалыс бәсеңсу керек еді. Алайда, ортада арандатушылар пайда болды.  Қайғылы қаңтар оқиғасына да бір жыл өтті. «Уақыт – емші» десек те, ерте солған, үзілген өмірлердің қайта жалғанбайтыны өкінішті...

    Шет елде кез келген мәселеге байланысты шерулер жиі өтеді. Бірақ,өздерінің петициясын тапсырады да, соның жауабын, қорытындысын күтіп отырады. Бізде неге солай өтпейді? Мен сол кезде Алматыда болғанмын. Үйімнің астындағы бүкіл дүкеннің есік-терезесін қиратып, тонап кетті. Үлкен алаңдағы өртеніп, төңкеріліп жатқан машиналарда есеп жоқ еді. Теледидар, ғаламтор деген жоқ, құлақ-мұрын кескендей отырғанымыз бар. Жан - жақтан хабарсыз қалдық. Ешкімді сөкпей, тәртіпті жағдайда шартыңды қойғанға не жетсін...

Қойшығұл Жылқышиев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

«Қазақстан Жазушылар Одағы» ҚБ

Атырау филиалының директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT