Бір аптада 1400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік қызметкерлері 1-7 маусым аралығында жолда жүру ережесін бұзған 1400-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықтады. Бұл туралы Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, көлік жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 591 бабының 1 бөлімімен (ұялы телефон қолданған) - 90-нан аса әкімшілік хаттамалар және 593 бабының 2 бөлімімен, яғни қауіпсіздік белдігін тақпаған - 159 хаттама.

Сонымен қатар 596 бабының 3 бөлімі бойынша "Жолдың қарама-қарсы бағытына шыққаны үшін - 6 хаттама, 608 бабының 1 бөлімімен 7 жүргізуші автокөлікті масаң күйінде басқарғандар, көліктерінің терезелерін қараңғылаған 53 жүргізушіге қатысты әкімшілік кодекстің 590 бабының 5 бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT