2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында әлеуметтік салаға аса зор назар аударылды.
Соның бірі – білім саласы. Қоғамда адам капиталы маңыз¬ды фактор десек, оны дамытуға үлес қосатын са¬ланың бірі – білім. Ал сапалы білім – табыс кепілі. Жолдау ұстаздар қауымының болашақтағы жұмыстарына үлкен серпіліс берді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері дәстүрлі өткізілетін тамыз мәслихатына алғаш рет Қасым-Жомарт Кемелұлының Мемлекет басшысы ретінде қатысуы осы елдегі ең маңызды тұлға мұғалім екенін баса көрсетіп, ұстаздарға жаңа жігер беріп тастады. Осы республика мұғалімдері бас қосқан жиында Президентіміздің ұсынған бастамалары ұстаздар қауымын бір қуантып, білім саласына деген ерекше көңі¬лі мен қамқорлығы оларды жігерлендіре түскен болатын. Одан кейін де Президент өз Жолдауында білім мәселелерінің тағы да жаңа қырларын ашты. Сол жиында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруға берген тапсырмасы Президент Жолдауында тағы да көрініс тапты.Келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өскелі отырғанын бәріміз жақсы білеміз. Бұл жаңалық ұстаздардың рухын көтеріп, жаңа оқу жылын тың күшпен бас¬тауына айрықша шабыт берді.
Президент Жолдауында елімізде сапалы білім алуды қамтамасыз етумен қатар жастардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдай білуінің маңыздылығы аталып өтті. Шынында да оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағдар беру саясатына көшу – қазіргі таңда мектеп жасындағы балаларды болашақта бәсекеге қабілетті халықаралық деңгей-де жұмыс істей алатын білікті маман етіп тәрбиелеудің алғышарты.
Өз Жолдауында Президент мектеп бітірушілердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру ең негізгі мәселе екендігін, яғни орта білім берудің ұлттық стандарты болып табылатынын айтты.
Қазіргі таңда өзіміз көріп отырғандай жоғары оқу орнына балаларымыздың көпшілігі өз мамандығын дұрыс анықтамай келеді. Сондықтан болар, дипломы бар жұмыссыздар қатары молайып, жоғары білім беру саласында нәтижелілік төмендеп кеткенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Кәсіптік бағыт-бағдар беру сая¬саты арқылы түлектеріміздің ел мүддесіне қызмет ететін азамат болып шығуына, маман тапшылығы сезіліп отырған салаларды шетелден шақырылған мамандар ғана емес, Қазақстан Республикасының азаматтарымен толтыруға мүмкіндік беріп, сол арқылы еліміздің ғылыми, техникалық, инженерлік, экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашпақ.
Сонымен қатар Президент қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтап кеткеніне баса мән берді. Ауыл мектептерінің негізгі мәселесі ретінде жоғары білікті мұғалімдердің жетіспеуін атап, оны шешудің жолдарын айқындап берді. Бұл – ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің үмітін үрлеп, сенімін арттырды.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыруға 20 млрд теңге қаражат бөлінуін ауыл мектептеріне, ауылдағы оқушылар мен ұстаздарға деген қамқорлық деп қабылдадық. Мемлекет тарапынан осындай қолдауды сезінген мұғалімдер де білім сапасын арттыру жолында ізденіп, білімді шәкірт дайындауда аянбай қызмет ететін болады.
Өздеріңіз білетіндей, ауылда тұратын ерекше қабілеті бар, дарынды балалар кейде отбасылық жағдайларына байланысты әрі қарай қабілетін шыңдауға қол жеткізе алмай қалатыны рас.
Мемлекет басшысының аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаған дарынды балалардың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу бастамасы бізге қуаныш сезімін ұялатады. Осы бастаманы кәсіптік бағыт-бағдар беру саясатымен ұштастыра жүзеге асыру- бүгінгі ұрпақтың қолында.
Оқулық сапасын жақсартуды айрықша атап, тапсырма беруі, мұғалімдердің мәселесін назардан тыс қалдырмай, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы¬¬ның тапсырмасы¬н қолға алып, «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдауға тапсырма бергенін естіген ұстаздар мен ата-аналар қауымы Президентке деген риза көңілін жасыра алмады.
Әрбір қазақстандықтың өз зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін көтергені де ұстаздар қауымына қуаныш сыйлады.
Мемлекет басшысы сонымен қатар ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігін атап өтті. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатыны сөзсіз. Бұл Жолдау әрбір қазақстандықтың жүрегіне тікелей жол тауып, тарихи маңызды құжат боп қалады.
Президентіміз Қ.Тоқаевтың Жолдауына қолдау көрсете отырып, ел болашағын тәрбиелеу ісінде ауданымыздың әр мұғалімі өзіне жүктелген міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, абыроймен атқарады деген сенімдемін.
А.Сұлтанғалиева,
аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Сурет:ашық дереккөз