Махамбет аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер «К» ЖШС-нен еңбек қызметіне байланысты берешекті өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс-құжаттарына сәйкес, талап қоюшы жауапкерден еңбек қызметіне байланысты берешекті өндіріп алуды сұраған.
Сотқа тараптардан талап қоюшы мен жауапкер қол жеткізген бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініш түсіп, олардың шарттары бойынша жауапкер талапкерге еңбек қызметіне байланысты 1 000 000 теңге берешекті және 300 000 теңге тұрақсыздық айыбын 2021 жылдың 31 наурызына дейін талап қоюшының есеп шотына аудару арқылы төлеуге міндеттенді.
Сөйтіп талап қоюшы талап арызынан бас тартты. Сотпен тараптардың арасында жасақталған татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Аудандық соттың баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз