Берешегін бөліп төлеуге келісті

Іс құжаттарында талап қоюшы «Жалақыға дейін ақша» ЖШС-нің өкілі сотқа берген талап арызында жауапкер Б-дан заем шарты бойынша борышын өндіруді сұраған.

Сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келгендерін, ол бойынша тараптар берешек сомасының 246 500 теңге қалғанын, талап қоюшы талабынан бас тартатынын, жауапкер Б. 2019 жылдың қазан айынан бастап соңғы 12 ай бойы әр айдың 10-шы жұлдызынан кешіктірмей 20 542 теңгеден бөліп төлеуге міндеттелетінін ескертті.

Талап қоюшы егер де жауапкер берешек сома 246 500 теңгені жоғарыда көрсетілген мерзімде 2019 жылдың қазан айынан бастап соңғы 12 ай бойы әр айдың 10-нан кешіктірмей 20 542 теңгеден бөліп төлеуді бұзған жағдайда соманы түгел өндіріп алатынын баяндап, сотқа аталған келісімді ұсынып, оны бекітіп беру жайлы өтінішхат келтірген. Осыған байланысты Махамбет аудандық сотының ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521