БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

Фото: nur.kz

Баланың дүниеге келуі -  әр бір адамның, әр бір отбасының өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Адамның туылуы бірінші кезекте оның ата-анасы үшін қуанышты оқиға. Өмірге жаңа адам келді, ол Сіз және сіздің жалғасыңыз болып табылады! Оның пайда болуымен көп қамқорлық және істер пайда болды! Оның пайда болуымен қатар жаңа құқықтар мен жаңа міндеттер пайда болды! Сіздің балаңыз өседі және біздің еліміздің лайықты азаматы болады. Кішкентай сәбиі үшін жауапкершілікті сезінетін ата-аналары, әжелері мен аталары үшін, есімі  - сіздің сәби болып табылатын, ең жас керемет үшін оның өмірінің алғашқы айлары өте маңызды. Осы сәттер ең қуанышты жаңалықтар, өмірді құру, жеке тұлға қалыптастыру ретінде барлығының есінде қалсын. 

Сондықтан, тууды уақытында әрі дұрыс тіркелуін қамтамасыз етілуі балалардың ата-аналарына жүктеледі. Баланың тууын уақытылы тіркеу және жеке басын куәландыратын оның алғашқы құжаты – туу туралы куәлікті алу қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсінеміз. Бұл куәлік баланың бірінші құжаты бола отырып, бірінші кезекте оның Қазақстанның азаматы екендігін білдіреді. Одан кейін алдағы уақытта осы куәліктің негізінде ол барлық келесі құжаттарды алатын болады.

  • Баланың тууын тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.

 Баланың туу туралы медициналық куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және жынысын, құжаттың берілген күні толықтай қамтуға тиіс. Куәлік медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталуға тиіс.

        Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзіледi.

       Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

        Егер ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшпен бір мезгілде әке болуды анықтау туралы өтiнiш берiледi.

        Баланың тууы туралы өтінішін оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.

      Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

      Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күннен аспаса, жалпы негізде жүргізіледі.

      Егер бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен бастап екі жүз сексен күн өткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы әке болуды анықтау негізінде ғана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.

      Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегі ата-аналарының тегімен айқындалады. Ата-аналарының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-аналарының тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазылады. Баланың тегіне қатысты ата-аналарының арасында туындаған келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

        Азаматтардың тілегі бойынша ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес: –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич аффикстері алып тасталады, ал олардың орнына әкесінің атына: –ұлы, -қызы деген сөздер қосылып бірге жазылады.

      Жеке адамның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.

      Ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде бірінші болып тұруына, одан кейін атының жазылуына жол беріледі, ал әкесінің аты жазылмайды. Мысалы Қайратұлы Ерлан.

       Басқа ұлт адамдарының тілегі бойынша олардың тегін, атын және әкесінің атын жазу олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

       Бөлек не дефис арқылы жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс.

Әкесінің қосарланған аты болған жағдайда, әкесінің қосарланған аты бойынша, олардың біреуі не әкесінің екі аты бірге жазылып балаға әкесінің атын беруге жол беріледі. Баланың аты, тегі, әкесінің аты тек бір тілде жазылады.

Әдеттегідей, мұндай жағдайларда баланың жеке аты Серік Елнұр Мейрімұлы деп жазылады. Оның Сериков Елнур Мейримулы деп (аралас) жазылуға жол берілмейді. Аты және тегі орыс тілінде, әкесінің аты қазақ тілінде жазылуға жол берілмейді немесе керісінше.

Жоғарыда көрсетілген мысалда баланың жеке аты келесідей жазылуы мүмкін:

  1. Сериков Елнур Мейримович
  2. Серік Елнұр Мейрімұлы
  3. Мейрімұлы Елнұр
  4. Мейрім Елнұр

Тууды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Туу туралы өтініш;

2) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:

- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;

- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;

- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.

Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

Осыған орай, аудан тұрғындарын  балаларының туу туралы алғашқы куәліктерін мемлекеттік тіркеуге бір кісідей ат салысуың  сұраймыз.  Балаңыздың туу фактісі міндетті түрде тіркелуі тиіс. Әрбір  азамат өзінің тиісті құжаттарын белгілі мерзімде рәсімдеп, оған салғырт қарамауы керек.

Комерциялық емес ұйымдарды тіркеу

және тіркеу қызметі саласындағы бақылау

бөлімінің бас маманы   Ж.Жумабаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT