234 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыс істеуге байланысты қосымша тынығу сағаттары берілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2023 жылғы жұмысын қорытындылады.

Алқа отырысында Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс істеу фактілерінің алдын алу үшін мемлекеттік органдардың жұмыс режиміне мониторинг жүргізу шаралары туралы айтты.

Мемлекеттік органға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуын мониторингілеу үшін ақпараттық жүйелерде көрсетілген мәліметтер, Агенттікке мемлекеттік органдар ұсынатын деректер, ҚББЖ-жүйесінің деректері, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар қолданылады.

Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталу мониторингі мемлекеттік органдарға бару жоспарына сәйкес бір тоқсан ішінде кемінде бір рет жүзеге асырылады.

Өткен жылы мемлекеттік органдардағы мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты 234 мемлекеттік қызметшіге қосымша тынығу сағаттары беріліп,

53 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің мансабы мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін шаралар қабылданды.

Іске асырылған бастаманың арқасында өткен жылы мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір санаты қашықтықтан немесе аралас қашықтықтан, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді.

Осылайша, икемді жұмыс уақытын пайдалану тәжірибесі өткен жылы 72,4% -ға өсті. 2022 жылы икемді кестені 835 мемлекеттік қызметші пайдаланса, 2023 жылы олардың саны 3024 адамды құрады.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT