Бала күтімі төлемдері 1,5 жасқа дейін ұзартылады

Парламент қос палатасының бірлескен отырысында  Президент  Қ.Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына жолдау жасаған еді. 

Жалпы Жолдаудан менің көкейіме қонғаны-  Мемлекет басшысының 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап  бала күтімі бойынша төлемдер 1,5 жасқа дейін ұзартылатындығы жайында  айтқаны. Жолдауда: «біз 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі үшіен төлемақы төлеу мерзімі сәби 1,5 жасқа толғанға дейін ұзартамыз.  Баланың ең маңызды шағында –сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады»- деді Президент. 

Сонымен қатар Президент Қ.Тоқаевтың  2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы  18-ге толмаған қазақстандықтардың  жеке шоттарына аударылып отырады деп тапсырма бергені де өте құптарлық жайт деп есептеймін.   Жолдауда ол жөнінде  былай деген еді:  «әр отбасы  елдің ұлттық байлықтарын пайдаланудан нақты игілігін көруі керек.  Сондықтан мен жариялаған  Балалар жылында  «Ұлттық қор-балаларға!» атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау керек деп есептеймін.  Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың жасы 18-ге толғанға дейін жеке шоттарына мерзімінен бұрын шешіп алу құқығынсыз аударып отыруды ұсынамын.  Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома баспана мен білім алуға жұмсалады.  Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді.  Қорда шын мәнінде ұлттық мәртебесіне сай бола түседі және халық мүддесіне жұмыс істейді.  Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып,   2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын"-дед» Президент.   Тағы бір айта кетерлік жайт- 2023 жылдан бастап отбасылық цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу де жоспарланып отыр екен.   Бұл көпбалалы ата-аналар үшін жағымды жақсы жаңалық екені рас.  Иа, бала-біздің болашағымыз.   Кезінде ата-бабамыз «балалы үй-базар» деп тегін айтпаса керек.

Жадыра Есмұханова, «Күміс алқа» иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT