Бағдарлама аясындағы ауқымды істер

https://hu.pinterest.com/

Елімізде бұдан бірнеше жыл бұрын қолданыстағы салалық бағдарламаларды оңтайландыру мақсатында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы» қабылданған еді. Оған «Аймақтарды дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді баспана-2020»  кірді.  Сондай-ақ шағын қалаларды дамыту бағдарламасы жобасы енгізілді.  Бағдарламада өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру көзделді.

   Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асады.   Бірінші бағыт бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе сынды  ірі төрт агломерацияның маңайы қамтылады.  ІІ деңгейдегі қалалар, 13 облыс орталықтары, Семей қаласын осы бағдарлама шараларымен қамту көзделген.  18 урбандану орталығы, 3,5 мың ауылдық елді мекенде бағдарламаны іске асыру жалғасады.   Бұл бағыттағы  жұмыстарды жүзеге асыруға бюджет қаражатымен қатар жеке инвестициялар да тартылатын болды.  Бағдарламаға бөлінген қаражат бірінші кезекте инфрақұрылымдық жобаларға бағытталып, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға күш салу көзделген.   Жалпы бағдарлама орындалуы қалай жүруде?  Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің  2019 жылғы 27 желтоқсанда №990 қаулысы (31.012.2020 ж. өзгертілген) шыққан. Ауылдарды  абаттандыру бойынша 8 мың жоба іске асып, 700 мыңға  жуық тұрғын инфрақұрылымын жақсартқан.  Сонымен қатар сумен жабдықтауды, тұрғын үй салуды дамыту  жүзеге асқан.   2020 жылдан сумен жабдықтау, су бұру, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық мәселелері «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асып келеді. 
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Бейбарыс ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ.  Бейбарыс ауылдық округі әкімі Сейілбек Зұлқашевтың айтуынша, Талдыкөл ауылындағы Жайық өзені жағалауын көктемгі су тасқынынан нығайту жұмыстарын «Утеуов» ЖК 2024 жылдың 2 сәуірінде келісім-шартқа отырып, жүргізді.   
Бейбарыс, Талдыкөл ауылдарында трансформаторлар орнату бойынша жұмыстарды «PowerService kz» ЖШС үстіміздегі жылдың 2 шілдесінде келісім-шартқа отырып жарық трансформаторларын екі ауылға орнатып берді. 
Саябақтарды қоршау және су желісін жүргізу жұмыстарын «Еркебулан» ЖК осы жылдың 4 тамызында келісім-шартқа сай атқарып берген. 
 Талдыкөл ауылының көше шамдарын алу және орнату жұмыстарын жүргізуге байланысты «Махмуд» ЖК 2024 жылдың 7 тамызында келісім-шартқа отырып, орнатып берді.  Талдыкөл ауылындағы 18 дана ДРЛ шамдарын ЖК «Махмуд» ЛЭД шамдарына ауыстырды. 
Бейбарыс ауылының көше шамдарын алу және орнату(ауыстыру) бойынша жұмыстарды «Толағай» ЖК осы жылдың 25 маусымында келісім-шартқа сай  жасады. «Толағай» ЖК,  атап айтсақ, Бейбарыс ауылындағы Ж.Дүйсенғалиева, Төле би көшелеріндегі ДРЛ шамдарын ЛЭД шамдарына ауыстыруды жүзеге асырды.  
Талдыкөл ауылында орналасқан жазғы су құбырларын күрделі жөндеуге  жобалық-сметалық құжаттаманы(ЖСҚ)  жасақтауға  «Eхpert structure» ЖШС-мен 2024 жылдың 24 сәуірінде келісім-шарт жасалды.  Бұл жоба келер жылы жалғасын табатын болады. 
Бейбарыс ауылының жазғы су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Бақыт» ЖК атқарды. Ол  ауылдағы Қ.Сиранов, А.Иманов, А.Құнанбаев, Әйтеке би көшелеріндегі  су құбырларына  жөндеу жұмыстарын жүргізді.  Енді    аудандық әкімдік, аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімі  қолдауымен  Талдыкөл ауылына ауылішілік жолдарының құрылысын «АБС Лимитед» ЖШС жүргізді.  Жол салынып, пайдалануға беріліп, халық игілігін көруде.  
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT