Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөн деп шештім. Оның құрамына барлық бірлестік өкілдері мен жастар енеді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы осы жылдың тамыз айында өтеді. Билік халыққа берген барлық уәдесін орындауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде.

Мемлекет басшысы биліктің осы реттегі басты миссиясын атады. «Тек осылай ғана ұлттың бірлігін, елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға болады. Сол себепті, менің сайлауалды платформам жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Осы құжатқа халықтан түскен үздік идеялар мен ұсыныстар енгізіледі», - деді ол.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521