Автожолдардың сапасы ерекше бақылауда болады

Автожолдардың сапасы ерекше бақылауға алынады.

Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды халықты мазалайтын мәселе - бұл жолдардың сапасы. Сол себепті автожолдардың жағдайын жақсарту - біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі» , - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керектігін тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы таза ауыз су әрбір үйде болуы міндет екенін қадап айтты.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521