Қазақстанда «Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасы бойынша тұңғыш бала дүниеге келді

Осы айда айтулы оқиға орын алды - сәтті ЭКО бағдарламасынан кейін елімізде  «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш бала дүниеге келді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бала Қазақстандағы ЭКО әдісімен дүниеге келген  алғашқылардың бірі.

Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылында тұратын ерлі-зайыптылар 9 жыл бойы ата-ана болуға тырысқанымен, қадамдары сәтсіз болды.

Отбасылық жұп репродуктивті медицина институтына соңғы үмітпен жүгінген.

Дана «Жас-Ай» медициналық орталығында аға мейірбике болып жұмыс істейді, ал жұбайы - Қуандық, электрик, осы жылдар ішінде отбасы қаржылық себептерге байланысты ЭКО-ға бара алмады.

Өйткені, бұл медициналық қызмет көп қаржыны талап етеді. Бірақ Президенттік бағдарламаға қатысушылар үшін шығын толықтай әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, яғни, тегін жасалады.

Көптен күткен алғашқы жүктілік ЭКО бағдарламасынан кейін дәрігер Аяулым Берікболқызы Косетованың қатысуымен 15 қазанда салмағы 3 келі 156 г және бойы 52 см Арман есімді дені сау бала дүниеге келді.

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін елімізде жасанды ЭКО әдісімен 25 мың бала дүниеге келген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT