Атырау облысының әкімі жергілікті шаруалармен кездесті

Атыраулық фермерлерді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қабылдады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы малшылардың мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын талқылады.

Жиын барысында шаруалар мал азығын, суару суын қамтамасыз ету, субсидия алу және қысқа дайындыққа қатысты мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы көтерілген мәселелердің барлығынан атқарушы органдардың хабардар екенін атап өтті.

Биылғы жазда республиканың барлық дерлік облыстарында құрғақшылық байқалды, бұл өзендердегі су деңгейі мен су қоймаларының толтырылуына, шөп алқабының жай-күйіне кері әсерін тигізді.

Жиын барысында әкім шаруа және фермер қожалықтарын қолдауға жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Мал өсірушілер субсидия алады. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне де мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Шопан-ата» Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының басшысы, ауыл шаруашылығы маманы Алмасбек Садырбаев бастаған атыраулық малшылар әкімге қолдау көрсетіп, мәселелерін шешуге көмектескені үшін алғыстарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT