Қазақстан президенттігіне үміткерлердің қазақ тілін білу деңгейі тексеріліп жатыр

Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның алғашқы отырысы өтті: сарапшылар Қазақстан көшбасшысы лауазымына үміткерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін анықтап жатыр.

Олар шығарма жазып, мәтінді оқып және қазақ тілінде баяндап беруі керек.

Лингвистикалық комиссияның құрамында мына ғалым-филологтар бар: Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Жанқара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбай, Дихан Қамзабекұлы, Анар Фазылжанова. Қазіргі уақытта президенттікке үміткерлер ретінде мына азаматтар тіркелді:

Қазақстанның қазіргі преиденті Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Әуесбаев (ЖСДП атынан), Мейрам Қажыкен ("Аманат" кәсіподақтар достастығы), Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы), Қарақат Әбден ("Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсы"). Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев та өз кандидатурасын ұсынды.

Бірақ оған "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестіктің бірқатар филиалдары атынан жалған құжат дайындаған деген айып тағылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT