Авиабилет бағасы бір жылмен салыстырғанда 26,6%-ға қымбаттады

Қаңтар-шілде айларында авиакомпаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 189,2 млрд теңгемен салыстырғанда 276,8 млрд теңгені құрады.

Кірістің негізгі бөлігі – 270,6 млрд теңге барлық бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау есебінен алынды. Тағы 6,2 млрд теңге жүк пен багажды тасымалдауға тиесілі. Экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен табыс 3 млрд теңгені құрады, деп жазады finprom.kz.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 5,8 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға артық. Тікелей ағымдағы жылдың шілде айында 1,2 млн адам тасымалданды – бұл маусыммен салыстырғанда 7,3%-ға, ал ағымдағы жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2,2 есеге артық.

 

фото:ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521