2025 жылы колледждерде білім алу тегін болады

«Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық талапкерлер үшін колледждерде білім алу тегін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Биылғы жылы Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс көлемі 45 мың орынға ұлғайтылды. Сондай-ақ, колледждерге тағы 120 мыңнан астам талапкер мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылданады. Білім беру гранттарының басым бөлігі IT, құрылыс, инженерия, металлургия сияқты техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Жалпы «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық ниет білдірген талапкерлерді тегін біліммен қамту жоспарланып отыр», - деп жауап берді құзырлы органның баспасөз қызметі тілші сауалына орай.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521