Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауына дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады. Республика халқы 81,3 пайыз дауысын берді. Мұндай нәтиже Тоқаевтың әділетті, қуатты Қазақстан құру бағытында ел азаматтарының басын біріктіре алғанын, қоғам үмітінің толық ақталғанын көрсетеді.
Барлық салада қазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытын белсенді қолдайтыны байқалды. Көпшілік оны халықаралық деңгейдегі сарабдал саясаттағы батыл әрекеттеріне дән риза. Президент бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығын құру үшін барлық жағдайды жасайтынын айтып отыр. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Ауылдық жерді жаппай жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасалады. Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі.
Ауылшаруашылығын дамыту үшін ең басты керекті ресурс су екені белгілі. Мал бағып, егін өсіру үшін судың маңызы зор. Президент бұл мәселені де назарынан тыс қалдырып отырған жоқ. Су үнемдейтін тиімді технологияны енгізіліп, мелиорация және суару жүйесін қалпына келтіру бағытында жұмыстар жасалады. Ауыл шаруашылығы кооперативтері егістіктен дүкен сөресіне дейін өнімді тікелей жеткізуші болады. Бұл бізге тиімсіз делдалдардан құтылуға мүмкіндік береді.
Президент Тоқаевтың басшылығымен алға қарай барлық мақсатқа жете беретінімізге кәміл сенімдімін.
Мәдениет ҚҰЛМАНОВ, мемлекеттік сала ардагері