Ауданымызда төтенше жағдай жарияланса да арыз тасып жүргендер саны азаяр емес

Ағымдағы жылдың 16 наурыз айынан бастап Елімізде төтенше жағдай режимі енгізіліп, ауыр індетті алдын-алу бағытында, халықтың денсаулығын сақтау және қорғау үшін барлық шаралар қолға алынды.

Бұл індеттің таралмауы әрбір азаматтың өз қолында және өз-өзін қорғанып, үйден шықпай отыруды ескеріп төтенше жағдай режиміне бағынуды қажет етеді.

Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтарға заң бойынша жауапкершілік көзделген. "Тәртіпке бас иген құл болмайды" әрбір азамат жауапкершілікті сезініп, тәртіпке бағыну арқылы өз отбасын, өз елін қорғайды.

Осындай қиын кезде соттасып, арыз тасып жүргендер саны әлі күнге азаяр емес.

Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабымен 3 әкімшілік істері қаралып, төтенше жағдай режимін бұзған азаматтарға ескерту және айыппұл түріндегі жазасы тағайындалды. Сот ісін жүргізуде ІТ-технологияларды одан әрі кеңінен қолдану бойынша бірқатар жедел шаралар жүзеге асырылды. Бұл әрекеттер төтенше жағдай кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Істерді қашықтықтан қарауға толық көшу қамтамасыз етілді. Іс жүргізу мерзімдері жетпеген сот істерін қарау кейінге қалдырылды.

Сот процестерін IT-технологияларды, яғни бейнеконференцбайланыс, соның ішінде "TrueConf" мобильдік қосымшасын қолдана отырып, қашықтықтан жүргізу ұсынылды. Құжаттарды электрондық қабылдау бөлігінде соттар ұсынатын барлық қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесі жұмыс істейді.

Осылайша, "Сот кабинетінің" кез келген пайдаланушысының сотқа келмей-ақ осы сервис арқылы құжаттарды электрондық түрде жіберуге мүмкіндігі бар. Бұл ретте тараптар барынша қысқа мерзімде соттан кері байланыс алады - бұл, ең алдымен, тіркеу нөмірі, ал одан әрі отырыстың қашан және қай уақытта өтетіні туралы деректер.

Қысқа мерзімде қарауға жататын қылмыстық істер мен материалдарды, үкімдерді орындау тәртібіндегі, сондай-ақ адамдарды ұстаумен немесе қамаққа алумен байланысты әкімшілік істер (тергеу соттары, жеделдетілген бұйрықтық, келісілген іс жүргізудегі және т.б. істер) қатысушылар үшін барынша оқшаулау және қауіпсіздік жағдайында жүзеге асырылады.

Махамбет аудандық сотында төтенше жағдай аяқталғанға дейін азаматтарды қабылдау тоқтатылды.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521