Мас күйде көлік жүргізгендерге заң қатаң.
Атырау облысының Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушы А. көлік құралын Махамбет ауылы, Жайық шұғыласы көшесі бойында алкогольдік масаң күйде басқарған.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс «TrueConf» қосымшасы арқылы қаралды.
Сот қаулысымен А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.
Сот отырысында А. өз түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз