Ауданда күзгі әскер қатарына шақыру басталды

Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Заңына, Махамбет ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №100 қаулысына сәйкес, Махамбет ауданы бойынша азаматтарды 2020 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Кезекті әскерге шақыру жұмыстары Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша әскер жасындағы жастарға хабарлау және шақыру қағазын тарату жұмыстары басталып кетті. Белгіленген Заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкімдері келісілген кесте бойынша әскерге шақырушыларды уақтылы жеткізуге міндетті.

Егерде азаматтар әскер қатарына шақырылудан бас тартқан, медициналық комиссияға себепсіз келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 387 бабы бойынша айыппұл салынады, немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал егер әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамай, медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтарып, әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдіріп немесе жоғалтса,жауапқа тартылады.

Е.Айтжанов,

Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі

бөлімі бастығы, майор

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT