Атырауда ертеңнен бастап «Сергек» іске қосылады

Ертеңнен бастап Атырау қаласының көшелерінде "Сергек" іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраудағы "сергекті" орнатуға облыстық мәслихат депутаттары 2019 жылдың сәуір айында бірауыздан дауыс берді. Жоба 10 миллиард теңгеге бағаланған. Жоспарды іске асыру сол жылдың жазында басталып, 2020 жылдың наурызында аяқтау жоспарланған. Алайда, мерзім екі рет ауыстырылып, 18 мамыр және 1 маусымға қалдырылған.

Қазір Атырауда барлығы 2748 камера орнатылды: жол қиылыстары мен желілік учаскелерінде 204 кешен (1224 камера), 774 жалпы бақылау камерасы және 750 біріктірілген бұрылыс камерасы. "Сергек" жүйесімен сауда орталықтарында және адамдар көп жиналатын басқа жерлерде бейнебақылау камералары біріктірілген.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT