Атырау полицейлері "Қарасора" республикалық жедел шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына күдікті 29-жастағы Махамбет ауданы тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында, оның қалтасынан есірткі заттары табылып, алынған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297 бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеу абақтысына қамалды.
Сурет:дереккөз