Атыраулықтарға қайырымдылық қоры көмек көрсетуде

Жалпы салмағы 60 кг-нан асатын жиынтықта негізінен дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар.

«Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрмысы төмен және көп балалы 1000 отбасына жиынтық дәрілік-азық-түліктерді таратуда, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

k

«Материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша қалалық және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынды. 1000 жиынтық қалаға және аудандарға таратылуда", - дейді ұйымдастырушылар.

komek2073

Жалпы салмағы 60 кг асатын жиынтықта Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен келісілген және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен COVID-19 емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар мен азық-түлік жиынтықтары мен жуғыш заттар сондай-ақ антисептикалық құралдар және медициналық маскалар бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT