«Атырау-Орал» тасжолының сапасы тексерілуде

Жолдағы ақаулардың басым бөлігі өткен жылдың соңында анықталған.

Құрылғанына бір жыл болған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы қызметкерлерінің негізгі жұмысы – өңірдегі жалпы пайдаланудағы республикалық және жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын тексеру.

Бүгінгі таңда Махамбет ауданы аумағындағы «Атырау-Орал» тасжолының 40 шақырымы және «Махамбет-Хамит Ерғалиев ауылы» аралығы диагностикадан өткізілген.

j

Республика көлемінде, сонымен қатар облысымызда жыл сайын қыруар қаражат бөлініп, жол салу, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық сапа орталығының мақсаты - жол сапасын, оған пайдаланылатын жол құрылыс материалдарын сараптамадан өткізу арқылы, сапасыз жол салуға, жөндеуге жол бермеу. Мемлекет қаржысының желге ұшпауының алдын алу.

Мекеменің жұмысқа жауапты құрылыс жөніндегі инженері Мерей Телеуғалиевтың айтуынша, жолдағы ақаулардың басым бөлігі өткен жылдың соңында анықталған.

jol1973

- Жол салу маусымы енді басталып жатыр және еліміздегі карантинге байланысты құрылыс жұмыстары да кешеуілдеді. Бірақ біз анықталған ақауларды ашық күйінде қалдырмаймыз. Шамамен айына 2-3 реттен шығып, технологияның сақталуын және пайдаланылатын құрылыс материалдарының сынамаларын алып, зертханалық сынақтан өткізіледі. Ауытқушылық немесе жол құрылыс материалдары стандартқа сәйкес келмеген жағдайларда, тапсырыс берушіге хат жүзінде ескертіп, мердігер мекеменің кемшілікті жоюына талап қоямыз,- дейді орталық қызметкері.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT