Атыраулық кәсіпкер медициналық шприцтерді тегін таратпақ

3 миллионға жуық медициналық шприц кестеге сәйкес таратылады.

Бүгін алғашқы 500 мың медициналық құрал еріктілер мен қала маңындағы ауылдық округ әкімдіктеріне берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

"Brando” шприцтер фабрикасы тұрғындарға медициналық заттарды тегін тарату үшін бұрын-соңды болмаған ерекше акция ұйымдастырды. Компания халыққа 2 миллион 950 мың шприц таратуды жоспарлап отыр. Оның 600 мыңы облыс халқын коронавирустан жаппай вакцинациялау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілмек.

t

Ал, алғашқы 500 мың шприц қалалық әкімдікте ауылдық округ әкімдері мен еріктілерге берілді. Олар шприцтерді қаланың қоғамдық орындарында, аялдамалар мен отбасылық медицина орталықтарында тұрғындарға тарататын болады.

t

- Қайыршақты ауылдық округінде 13 мың жергілікті халық тұрады. Бүгін біз барлық ауыл тұрғындарына жететін 26 000 шприц алдық. Тұрғындар бұл медициналық құралдарды отбасылық дәрігерлік амбулаториядан ала алады, - деді Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапқат Қарашев.

Шприц шығаратын зауыт өкілдерінің айтуынша, медициналық құралдар кестеге сәйкес таратылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521