Оқиға маусымның 17-нен 18-не қараған түні болған.
«Атырау қаласындағы Азаттық даңғылы бойында орналасқан дәріханалардың бірінің терезесін ығыстыру арқылы кіріп, ASER ноутбукты, дәрі-дәрімектерді қолды еткен азамат анықталды. Күдікті бұрын бірнеше рет ұрлық қылмысымен сотталған. Қазір 1984 жылғы күдікті ұсталып, сотпен оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған ұрлық) жүргізілуде.
Сурет: дереккөз