Атыраулық жолшылар әлемдік деңгейдегі ірі компания мамандарынан дәріс алды

Атыраулық жолшылар әлемнің елу елінде өкілдігі бар ірі американдық компания мамандарынан дәріс алды.

Бас ғимараты АҚШ-тың Иллинойс штатының Пеория қаласында орналасқан Caterpillar /Катерпиллар/ жер қазатын техникалар, дизельдік қозғалтқыштар, құрылыс қондырғыларын өндіретін алып компания. Бес құрылықты қамтып отырған компания өкілдері «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалымен бірлесіп семинар-тренинг өткізді. Семинар "Автомобиль жолдарын салу технологиялары",- деген тақырыпқа арналды. Оған "ҚазАвтоЖол» АҚ АОФ, облыстық, аудандық және қалалық жол басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері және жол-құрылыс компаниялары, техникалық қадағалау қызметтерінің мамандары қатысты.

"Біздің Орталық Қазақстанның автомобиль жолдарының сапасын арттыру мақсатында жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылаумен ғана айналыспай, жол жобалау мен салу барысына жаңа технологияларды және тәсілдерді белсенді зерделеуде. Бүгінгі семинардың мақсаты - асфальтбетон төсеу кезінде ақауларды анықтаудың жаңа әдістері, жабындының жай-күйін бағалау, асфальтбетон қоспасын дұрыс төсеу арқылы ақаулардың алдын алу, қоспалардың температуралық режимдерін сақтау, сондай-ақ олардың пайда болу себептерін визуалды бағалау дағдыларын таныстыру" - деді филиал директоры Д. Сайлауов.

Бүгінде Қазақстанда жолдар кеңестік кезеңдегі құжаттарға (ГОСТ) негізделген нормативтер бойынша жобаланып, салынады. Бірақ уақыттың бір орнында тұрмайтынын және автожолдардың қызмет көрсету шарттары өзгеретінін, жүктеме артып, трафик пен жылдамдық режимі ұлғайып келе жатқанын ескерсек, саланың алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі жол жобалау мен салудың халықаралық стандарттарына көшу, өндіріс мәдениетін үнемі арттыру. Семинарда жол құрылысына қажетті озық үлгідегі техникада таныстырылды. Мысалы, заманауи автогрейдерлер жолды тегістеп қана қоймайды, орнатылған GPS қондырғысы арқылы барлық ақпаратты алып отыруға болады. Мұндай технология алдымен жолшылардың уақытын үнемдеуге, содан кейін жанар-жағар май басқа да шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Семинар соңында қатысушылар "Қосалқы бөлшектерді қалпына келтіру орталығына" арнайы барып, жұмысымен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521