Атыраулық медицина қызметкерлері Германияда тәжірибе алмасуда

18-29 қараша аралығында мейірбике ісіндегі коммуникация және менеджмент дағдылары бойынша Германияның Дюссельдорф қаласындағы  клиникаларда облыстың 10-ға жуық орта буын медицина қызметкері тағылымдамадан өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Орта буын медицина мамандары менеджмент,  дәрігермен, пациентпен және науқастың туыстарымен клиникалық мәселелерді тиімді шешу, медициналық этика, биоэтика сынды маңызды тақырыптар талқыланатын шеберлік сағаттарына қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сай қазіргі уақытта дәрігерлердің бірқатар функциясы орта буын медицина қызметкерлеріне жүктелгендіктен, медбикелердің біліктілігін арттыруға аса мән берілуде. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

Еске сала кетейік, 2022 жылы облыстағы мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істейтін 846 бейінді маман Израиль мен Германияға барып, біліктілігін арттырып келді. Оған қоса Изриаль елінің дәрігерлері Атырауға келіп,  132 маманға  шеберлік  сағаттарын өткізді. Былтыр 430-дан аса қызметкер кәсіби біліктілігін арттырды.
Ал жыл соңына дейін 700-ге жуық маманды оқыту жоспарлануда.

Сәуле МАҒАУ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT