Атыраулық кәсіпкердің өтініші Антикордың араласуымен толықтай қанағаттандырылды

Антикор Атырау

Кәсіпкер Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке "Құрманғазы аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК жалпы сомасы 1 022 450 теңгеге азық-түлік жеткізгені үшін ақшалай қаражат аударудан бас тарту мәселемен жүгінді.

Департамент өз кезегінде ведомстволық бағынысты мекеменің іс-әрекеттерінің заңдылығын анықтау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс-хат жолдады.

Нәтижесіндe өтініште баяндалған талаптар Антикордың араласуынан кейін толықтай шешілді.

Антикор-Атырау кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге жәрдемдесуге дайын екендігін мәлімдейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT