Атыраудың кіреберісіне 4 блок-пост қойылды

30 наурыз күні Атырауда ресми түрде карантин режимі енгізілді.

Осыған байланысты облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен облыс орталығына кіруге және шығуға шектеулер қойылды. Сәйкесінше, Атырау-Астрахань-Қараөзек, Атырау-Орал-Алмалы, Атырау-Индер-Бесікті және Атырау-Доссор-Қарабатан бағыттарына тосқауыл бекеттері қойылды.

post3003201

– Олар өз жұмыстарын 30 наурызға қараған түні бастады. Бас санитарлық дәрігердің нұсқауына байланысты, Атырау тұрғындары тұрғылықты жеріне 2 сәуір сағат 00:00-ге дейін жетулері тиіс. 2 сәуірден кейін бұл мүмкін болмайды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.

Сондай-ақ, аймақта авто және теміржол вокзалдары өз жұмысын тоқтатты. Ауданаралық, қалааралық және халықаралық рейстерге шектеу қойылды.

p

Сонымен қатар, Атырау әуежайы да үкіметтік рейстер мен төтенше жағдай жөніндегі Атырау өңірлік комиссиясының төрағасымен келісілген рейстерден өзге барлық бағыттарды тоқтатты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT