Атырауды шаңды дауыл басты

Бүгін таңертеңнен бері Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр. Шаңды дауыл кешке дейін жалғасуы мүмкін.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы тұрғындарға шаңды дауыл болатыны туралы ескерту ақпаратын таратқан еді.

«14 қыркүйекте Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде өңірдің батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады», -деп хабарлаған еді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Бүгін, 14 қыркүйекте таңертеңнен бері мұнайлы шаһарда шаңды дауыл көтерілді. Қазір қаланы шаңды дауыл басты. Қатты жел соғып тұр.

Табиғаттың тосын құбылысына байланысты жедел әрекет ететін «112», «101», «103» қызметтеріне оқыс оқиғалар, өрт туралы хабар түспеген.

Мамандардың болжамына қарағанда, қалада шаңды дауыл кеше, 13 қыркүйекте сағат 20:00-де басталған. Шаңды дауыл бүгін, 14 қыркүйекте сағат 20:00-ге дейін жалғасуы мүмкін.

Атырау облысында мұндай шаңды дауыл бұған дейін бірнеше рет қайталанған. Мұнайлы өңір тұрғындары табиғаттың бұл құбылысын қалыпты жағдай ретінде қабылдайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521