Атырауды көгалдандыру қарқынды жүргізілуде

Облыс орталығындағы Азаттық, Әбілхайыр хан және Сәтбаев даңғылдарында орамды гүлзар пайда болады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, көктем мен жаз мезгілдерінде 12 мың шаршы метр жерге бірнеше мың гүл егілді. Олар: раушан, петуния, тагетис, цинерария, портулак, сальвия. Сондай-ақ, барлық көшелер мен саябақтарда ағаштарды әктеу, бағаналар мен арықтарды жөндеу, талдарды суару және 40 мыңға жуық ағашты баптау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 3000-нан аса ағаш отырғызу және 700 метр жерге ағаштан тұрғызылған қоршау отырғызу жобасы да әзірленуде. Жаңадан отырғызылған ағаштар Тайманов пен Байжігітов көшелерінде, ал қоршау Сәтбаев даңғылының бойында кей бөліктерінде бой көтереді. Бұл жұмыстар алдағы күз мезгіліне жоспарланып отыр.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

сурет: дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика