Атыраудан "FlyArystan" əуе компаниясы 8 қалаға ұшуда

«Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов жыл басында халықтың өзге қалаларға әуе жолы арқылы қатынауын қолжетімді ету мақсатында тиісті мекемелерге тапсырма берген болатын. Өткен айдан бастап Атыраудан "FlyArystan" əуе компаниясы сегіз қалаға ұша бастады. Лоукостер билет құнын жолаушылардың өздігінен реттеуіне мүмкіндік береді», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Шілде айынан бастап аталған бюджеттік компания ұшақтары Атырау қаласындағы бекеттен Алматы, Ақтау, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына тасымалдарды бастады.

Кеше "FlyArystan" əуе компаниясының ұшақтары Атыраудан Қызылорда мен Орал қалаларына алғашқы рейсін орындады.

"Атырау - Қызылорда" бағытындағы рейс аптасына екі рет қатынайды. Яғни, дүйсенбі, жұма күндері "Атырау - Қызылорда", сəрсенбі, жұма, жексенбі күндері "Атырау - Орал" бағытында рейстер ұшады. 180 орындық Airbus320 ұшақтарында қауіпсіздік мəселесі басты орында тұр" дейді "Fly Arystan" əуе компаниясының баспасөз-қызметінің өкілі Лəзат Набиева.

29 тамыздан бастап, Атырау қаласынан Қарағандыға, 1 қыркүйектен бастап, Қостанайға рейстер ашылады.

Еске сала кетелік, Атыраудан Қызылорда қаласына билеттер 6999 теңгеден, Атыраудан Орал қаласына билеттер 4999 теңгеден басталады. Бюджеттік компанияның билеттеріне flyarystan.com сайты арқылы тапсырыс беруге болады.

Сурет: Максим Морозов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521