Атырауда жол-көлік оқиғасы орын алды (+видео)

Атырау қаласында ағымдағы жылдың 15 сәуірінде сағат 19:05 шамасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Hyundai Accent» көлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қаладағы орталық көпірден түсіп келе жатып, Азаттық-Абай көшелері бойындағы бардюр мен су бұрқағына соқтығысқан деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция Департаменті.

Оқиға салдарынан жарақат алғандар жоқ. 1992 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты іс- құжаттар жинақталып, сотқа жолдануда.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521