Атырауда заңсыз ойын орындары анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын орындарын анықтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

«Анықталғандай, екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айы аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратында және пәтерде тыйым салынған құмар ойынды жүзеге асырған. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзу қылмыстық әрекеттері әшкереленді. Сот үкімімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысының 2 жылға бас бостандығы шектелді», - делінген ресми хабарламада.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз