Атырауда волонтерлік қозғалыс орталығы құрылды

Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесуде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты. Atr.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы волонтерлер жылы деп жариялады. Атырау облысында белсенді, білімді жастарды қолдауға бағытталған шаралар іске асуда. Ел болашағы саналы ұрпақтың қолында. «БІРГЕМІЗ» жалпыхалықтық волонтерлік жобасы бастау алды.

– Жоба аясында оқушылар мен жастар орталығында волонтерлік қозғалысты дамыту орталығы ашылады. Еріктілерді қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынады,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Өткен жылы облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 144 жоба іске асты. 450 мың адамды қамтыған мыңнан астам әр түрлі шара ұйымдастырылды. «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына облыстан 7 нысан енді.

– «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейінде көрме ұйымдастырылды. «Қазақстанның алтын мұрасы» шарасында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі сарматтар дәуіріне қатысты жәдігерлер көрсетілді,- деп атап өтті облыс әкімі.

Өңірдегі киелі жерлер туралы «Өз көзімен» атты 12 сериялық деректі фильм түсірілді. Ол «Қазақстан-Атырау», «Caspian news» телеарналарында көрсетілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – идеологиялық жұмыстардың негізі.

Сондықтан, уақыт талабына сай шаралар легін өткізуді жақсарту керек. Аймақтағы белгілі тарихи тұлғалар туралы деректі фильмдер, басқа да ақпараттық өнімдер жасауға кірісу керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT