Атырау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.
Осы орайда Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі — «BAIZAAR» ірі ойын-сауда орталығында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынама парақтарын таратты. Іс-шара барысында азаматтарға алаяқтардың кең таралған әдістері, атап айтқанда: жалған интернет-дүкендер, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалатын алаяқтар, елімізде жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері, сондай-ақ танымал мессенджерлер мен қосымшалар арқылы жеке деректерді алдау жолымен иемдену тәсілдері түсіндірілді.
Айта кетейік, облыс аумағында 2025 жылдың басынан бері интернет-алаяқтыққа қатысты 1200-ге жуық дерек тіркелген. Қылмыстардың басым бөлігі банк шоттары арқылы алдау, онлайн фишинг сілтемелері, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, ақша бопсалау жолымен жасалуда.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға, белгісіз сілтемелерге өтпеуге, жеке және банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
Қызмет бағыты



