Атырауда Халықаралық волонтерлер жылы аясында 13 жоба іске асырылмақ

Солардың бірі – өңір волонтерлеріне арналған «Демеу» байқауы. Байқау аясында 35 жастан асқан және 50 жастан жоғары 6 волонтерге әрқайсысына 1 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Жыл бойы «Біз таңдаған жол» жобасы жүзеге асырылып, республикалық волонтерлер слеті өтеді. 

«Азаматтық орталық» КММ басшысы Жанат Досқалиеваның мәліметінше, 2025 жылы өткен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығында Атыраудан «Jana Jastar» ұйымы мен «Жүректен жүрекке» қоры жеңімпаз атанды. Ал Алмаз Есенгалиев пен Индира Мұқтар түрлі номинациялар бойынша үздік деп танылды.

«Jana Jastar» ұйымы экология, әлеуметтік қолдау және білім беру бағыттарында 70-ке жуық іс-шара өткізген. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясына 400-ден астам, «Мейірімді Қазақстан» жобасына 250 волонтер қатысқан. Өңірде «Atyrau Volunteer Corps» кеңсесі ашылып, волонтерлерді оқыту мен қолдау жүйеленді.

Бұдан бөлек, 14–35 жас аралығындағы волонтерлерге арналған «Сенің бастамаң» гранттық жобасын іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда облыста 1200-ге жуық ерікті және волонтерлік бағытта жұмыс істейтін 30 үкіметтік емес ұйым бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT