Атырауда Төтенше жағдайға байланысты 109 қысқа нөмірі ашылды

Атырауда төтенше жағдайға қатысты сұрақтарға жауап беретін жедел желі ашылды.

Әрбір адам 109 қысқа нөміріне аймақтағы төтенше жағдай тәртібін бұзушылық туралы хабарлап, енгізілген шектеулер жөнінде нақты ақпарат ала алады.

Еске сала кетелік, жедел желі Атырау облыстық ведомствоаралық жедел штабтың бастамасымен ашылды.

Жедел желі бойынша сауалдарды Whatsapp +7 775 000 6109 нөмірі бойынша да қоюға болады.

Сондай ақ, қазақстандықтар үшін орталықтандырылған 1406 call орталығы жұмыс істеп жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT