Бүгін Атырау-Доссор бағытындағы жол бойында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртенген көлік Тәжікстан Республикасы азаматының меншігінде екен.
Өртті сөндіруге Қарабатандағы Мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен арнаулы техникалар тартылды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Жүк көлігінің неден өртенгені анықталуда.
Сурет:дереккөз