57 отбасыға кепілдендірілген пакет берілді

Бұл аптада атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың алғашқы легі ұсынылды.

Аудан бойынша 57 отбасының 111 ұл-қызына таратылды. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Қабдолованың айтуынша,1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде азық-түлік жиынтықтары ай сайын беріледі.

Олардың құрамында гипоаллергенді жеміс, көкөніс езбелері мен ботқасы, өлшеп оранған жүгері, арпа, қарақұмық, уатылған бұршақ, ұнтақ жармалары, сұлы үлпегі, балалар печеньесі, майлылығы 2,5 % пастерленген сүт, бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарондар, табиғи бал, құрамында тұтас дақылдары бар, таңғы асқа арналған сүтті жастықтар, күнбағыс майы, классикалық гематоген өнімдері бар.

Ал, тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет ұсынылады. Оларға балалар тіс пастасы мен щеткасы, сусабыны, кремі, кір жуғыш ұнтағы, гипоаллергенді сабын жатады.

Аудан бойынша бұл жиынтықтар сәуір айында берілмек.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521