Атырауда тарихи-мәдени нысандардағы QR-кодта 5 тілде ақпарат енгізілген

Атырауда тарихи-мәдени нысандарға QR-код орнатылып жатыр. Енді QR-кодпен әр нысан туралы бес тілде ақпарат алуға болады.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында 4 республикалық, 313 жергілікті маңызға ие ескерткіш бар.

Ал, Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген 7 тарихи ескерткіш бар. Бұлар – Махамбет ауданындағы «Сарайшық» тарихи-мемориалдық кешені, Жылыой ауданында орналасқан Ақмешіт қорымы, Құлшан ата жерасты мешіті, Аралтөбе қорғаны, Иманқара кешені, Ұшқан ата қорымы, Индер ауданының Қарой жазығындағы Махамбет Өтемісұлының мазары.

«Биыл туризм саласына цифрландыруды енгізу мақсатында 6 ескерткішке QR-код орнатылды. Сондай нысандардың қатарында Сарайшық қалашығы, Сарайшық музей қорығы, қазақтың күй анасы атанған Дина Нұрпейісова, әскери ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, Әнұран авторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұмекен Нәжімеденов, қиын кезде өңір тұрғындары азық ретінде қолданған Құмаршық ескерткіші бар. Енді кез келген адам, оның ішінде өңірге саяхаттап келген туристер QR-код арқылы аталған ескерткіштер туралы 5 тілде ақпаратты алуына болады», -дейді Нұрбол Жаңабеков.

Оның айтуынша, ескерткіштерді 3D көрінісін тамашалауға болады. Бұл үшін «Тarihi jol» қосымшасын жүктеу қажет. QR-код-та ескерткіштердің қай жылы орнатылғаны, тарихы туралы толық ақпарат бар.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика