Атырауда нөсер жауын, қатты дауыл күтілуде

"18-22 мамыр аралығында Атырау облысында қатты дауыл соғып, нөсер жауын жауады деп күтілуде" деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі "Казгидрометке" сілтеме жасап.

«Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, нөсер соңы бұршақты жауынға, қатты желге ұласуы мүмкін.

Осыған орай, облыс тұрғындарына аса қажеттіліксіз далаға шықпауды, балаларды үйден шығармауды, автокөліктерді жабық объектілер астына сақтауды, үй жануарлары қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құрылыс объектілеріндегі жұмыстарды, соның ішінде арнайы техникалардың (биік кран) жұмыстарын уақытша тоқтатуды ұсынамыз. Сонымен бірге азаматтарға жеңіл қайықпен ашық су айдынына шықпау ұсынылып отыр.

Төтенше оқиғалар орын алған жағдайда, Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне шұғыл хабарласу сұралады.

Шұғыл қоңыраулар үшін: 112 8(7122) 45 - 00 – 00

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика