Атырауда мемлекет қаражатына 4 үй жөнделмек

«Бұл туралы бүгін Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында жергілікті энергетика және тұрғын-үй комммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатов айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бұл үйлер жергілікті бюджет есебінен және қайтарымды қаражатқа жөнделеді. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 200,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Осылайша биыл Вокзал маңы-3а мөлтек ауданындағы №25а үй, Авангард-2 мөлтек ауданындағы №16 үй, СМП-163 мөлтек ауданында №3 үй, №5 үйдің жөндеу жұмыстары басталғалы отыр. Сонымен қатар, жалпы құны 927,4 млн.теңге құрайтын 19 көпқабатты тұрғын үйге жобалық сметалық құжат әзірленді» деп атап өтті спикер.

Еске сала кетелік, былтырғы жылы жергілікті бюджет есебінен және қайтарымды қаражатқа 13 тұрғын үй толықтай жөнделді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT