Атырауда дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан дәріхана анықталды

Дәріханалар алдында үлкен кезектердің болуы - мониторинг кезінде анықталған тағы бір кемшіліктің бірі.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Қ.Қожахметовтың, қалалық мәслихат депутаты Қ.Джуамбаевтың және облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен Атырау қаласында орналасқан бірқатар дәріханаларға дәрі-дәрмектердің жасанды түрде жетіспеушілігін және олардың қымбаттауын болдырмау мақсатында мониторинг жүргізді.

Ал 11 шілде күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың қатысуымен ӨКҚ-де өткен онлайн-брифинг барысында: «Атырау облысы дәрі-дәрмекпен 94% қамтылған. Әрі қарай бұл мәселе ерекше бақылауға алынады»,- деген болатын. Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша негізгі ошақтар-Атырау қаласы мен Жылыой ауданы. Мұнда коронавирусты жұқтырудың 85%-ы тіркелген.

Алайда, жүргізілген мониторинг Атырау қаласында орналасқан көптеген дәріханаларда тұрғындар жиі қажет ететін қызуды басатын, вирусқа қарсы 20 атаулы дәрі-дәрмектің жоқтығын, жағдайдың ауырлығын көрсетті. Ал аудандардағы жағдай туралы айту бұдан да қиын. Сондықтан да аурудың өсуі жоғары деңгейде тұр. Мониторинг кезінде анықталған кемшіліктер қатарына дәріханалар алдында үлкен кезектердің болуы, оның бірден бір себебі, дәріханаларға тасымалданып жатырған қызуды басатын, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қалада орналасқан үлкен дәріханаларға ғана жеткізіліп жатырғандығынан болып отыр.

r

Сонымен қатар, Атырау қаласы Махамбет көшесінде орналасқан «Зерде» дәріханасында (оның ішінде орын алмастыруға жататын дәрілердің) бар екендігі белгілі болса, Авангард мөлтек ауданында орналасқан «Гиппократ», «Семейное», «На Гурьевской» дәріханаларында тұрғындар қажет ететін кейбір дәрі–дәрмектің ішінара бар екендігі белгілі болды.

Мониторинг барысында дәрі–дәрмектердің шекті бағадан асырып сату дерегі бойынша Нұрсая мөлтек ауданы, 51 мекен-жайында орналасқан «Аптека» дәріханасында анықталды. Шекті бағадан «Nurofen» (шектік баға 724 тг, сату бағасы – 800 тг), «Бронхо-мунал П» (шектік баға 3 808 тг, сату бағасы – 4000 тг), «ИНГАЛИПТ» (шектік баға 554 тг, сату бағасы – 600 тг) асырылып сатылуда. Ол бойынша ақпарат тиісті құзыретті мемлекеттік органға жолданатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT