Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уақытша тоқтатады

"Тек қана азық-түлік дүкендерін тауармен қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда қоймалары ғана жұмысын жалғастырады" деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар режимін қалыпт­астыру жөніндегі штабы.

Еске сала кетелік, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулы­сына толықтырулар ен­гізілді. Құжаттағы толықтыруға сәйкес, халық көп шоғырланатын орындарды жабуға шешім шығарылып отыр.

"Бөлшек сауда дүкенд­ерін қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда нысандарынан басқ­а, жәрмеңкелердің, азық-түлік тауарларын­ың және халық көп жи­налатын өзге де ныса­ндардың жұмысы тоқта­тылсын" делінген тол­ықтыруда.

Әмбебапмаркеттер мен азық-түлік дүкендер­інің жұмысы белгілен­ген кестеге сәйкес (таңғы сағат 9.00 бен кешкі сағат 20. 00 аралығында) жалғасады.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT