"Сарайшық" коммуналдық базары алдындағы ашық алаң шағын саябаққа айналды.
Қала тұрғындары мен еріктілер бүгін алаңға қара ағаш пен шаған екті" деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау қаласының 381 жылдық датасына орай өткен акцияға қала әкімі Қайрат Оразбаев арнайы келіп қатысып, ағаш отырғызды.
"Соңғы жылдары қала көшелеріне жасыл көшет егу мәселесіне айтарлықтай назар аударылып келеді. Белсенділердің бастамасымен Геолог, Балықшы, Жұмыскер ауылдарында саябақтар пайда болды. Келесі жылы Дамбыда ағаш отырғызу жоспарда. Қаланы жасыл белдеуге айналдыру ісіне тұрғындар да атсалысуы керек, сонда ғана біз жақсы нәтижелерге қол жеткізетін боламыз" деді қала әкімі. Ұйымдастырушылар акция барысында табиғаттың кез келген климаттық жағдайына да шыдамды ағаш егілгенін атап өтті. Айта кетсек, өткен жылы егілген ағаштардың 90 пайызы өсіп шыққан.